Бастапқы экран
Бастапқы экран
Бастапқы экранда жиі қолданылатын қолданбаларға
жылдам өтіп, қабылданбаған қоңырауларды немесе
жаңа хабарларды жылдам көруге болады.
белгішесін көрген кезде, оңға жылжып орындауға
болатын әрекеттерді көріңіз. Тізімді жабу үшін, солға
жылжыңыз.
Бастапқы экран
төмендегілерден
тұрады:
1. Қолданбалардың
төте жолдары.
Қолданбаға өту
үшін,
қолданбаның төте
жолын таңдаңыз.
2. Ақпарат аймағы.
Ақпараттық аймақта көрсетілген элементті тексеру
үшін, оны таңдаңыз.
3. Хабарландыру аймағы. Хабарландыруларды көру
үшін, терезеге өтіңіз. Терезе ішінде элементтер
болғанда ғана көрсетіледі.
Әртүрлі мақсаттар үшін бөлек бастапқы экрандарды
тағайындап қоюға болады, мысалы, біреуін бизнес
электрондық поштасы мен хабарландырулары үшін,
ал екіншісін жеке электрондық поштаңызды көрсету
үшін. Осылай жұмыс уақытынан тыс кезде жұмысқа
қатысты хабарларды көрмейтін боласыз.
Бастапқы экрандарды ауыстырып қосу үшін,
опциясын таңдаңыз.
Бастапқы экранда болатын элементтер мен төте
жолдарды белгілеу және бастапқы экранның көрінісін
орнату үшін,
Меню
>
Панель упр.
тармағын және
Реж. ожид.
опциясын таңдаңыз.