Nokia E72 -  Дауыс қоңыраулары  

background image

Дауыс қоңыраулары

1. Негізгі экранда телефон нөмірін аймақтық кодпен

бірге енгізіңіз де. Нөмірді жою үшін қайту пернесін

басыңыз.
Халықаралық қоңыраулар соққан кезде +

таңбасын (+ таңбасы халықаралық қатынаc

кодының орнына жүреді) басыңыз да, ел кодын,

аймақ кодын алда жүретін 0 санысыз және

телефон нөмірін енгізіңіз.

2. Қоңырау шалу үшін, қоңырау шалу пернесін

басыңыз.

3. Қоңырауды аяқтау үшін (немесе қоңырау шалу

әрекетін болдырмау үшін) аяқтау пернесін

басыңыз.
Аяқтау пернесін басу әрқашан қоңырауды

аяқтайды, тіпті басқа қолданба белсенді болса да.

Контактілер тізімінен қоңырау шалу үшін

Меню

>

Контакты

пәрменін таңдаңыз. Қалаған атқа

жылжыңыз немесе іздеу өрісіне аттың бірінші

әріптерін немесе таңбаларын енгізіңіз. Контактіге

қоңырау шалу үшін қоңырау шалу пернесін басыңыз.

Контакт үшін бірнеше нөмірлер болса, тізімде қалаған

нөмірді таңдап, қоңырау шалу пернесін басыңыз.