Nokia E72 - Дауыспен теру

background image

Дауыспен теру

Құрылғыңыз жақсартылған дауыс пәрмендеріне

қолдау көрсетеді. Жақсартылған дауыс пәрмендері

сөйлеушінің даусына тәуелді емес, сондықтан да

дауыс тегтерін алдын ала жазып қоюдың қажеті жоқ.

Құрылғы контактілердің ішіндегі жазбаларға дауыс

тегтерін жасап, сөйленген дауыс тегін сонымен

салыстырады. Дауыс пәрмендерін жақсырақ тану

үшін, құрылғыдағы дауысты тану мүмкіндігі негізгі

сөйлеушінің дауысына бейімделеді.
Контактінің дауыс тегі дегеніміз - контакт үшін

сақталған ат. Қадамдастырылған дауыс тегін тыңдау

үшін, контактіні және

Функции

>

Инф. о голосовой

36

Қо

ңы

ра

у

ша

лу

background image

метке

тармағын таңдаңыз. Контакт мәліметтеріне

өтіп,

Функции

>

Воспр. глс метку

тармағын таңдаңыз.

Дауыс тегі көмегімен қоңырау шалу

Ескерім: Дауыс белгісін шулы ортада немесе

шұғыл жағдайда қолдану қиын болуы мүмкін.

Сондықтан, нөмірді дауыспен теру мүмкіндігі барлық

жағдайларда қолайлы болмауы мүмкін.
Дауыспен теру қызметін іске пайдаланғанда, динамик

қолданылады. Дауыс тегін айтқанда, құрылғыны

жақын ұстаңыз.
1. Дауыспен тере бастау үшін, басты экранда, оң жақ

таңдау пернесін басып тұрыңыз. Гарнитура

пернесі бар үйлесімді шағын гарнитура тағылған

болса, дауыспен тере бастау үшін, гарнитура

пернесін басып тұрыңыз.

2. Қысқа үн естіледі де, дисплейде

Говорите

көрсетіледі. Контакт үшін сақталған атты анық

айтыңыз.

3. Контакт танылғанда, құрылғы синтезделген дауыс

тегін ойнатып, контакт аты мен нөмірін көрсетеді.

Ол контактіге қоңырау шалғыңыз келмесе, 2,5

секундтың ішінде сәйкестіктер тізімінен басқа

контактіні таңдаңыз немесе қоңырауды

болдырмау үшін

Выйти

опциясын таңдаңыз.

Бір контакт атында бірнеше нөмір сақталған болса,

белгіленген жағдайда құрылғы әдепкі нөмірді

таңдайды. Немесе контакт картасындағы қол жетімді

бірінші нөмірді таңдайды. Сондай-ақ, атпен бірге ұялы

немесе үй телефоны сияқты нөмір түрін де айтуға

болады.