Хабар алмасу
Меню
>
Сообщ.
белгішесін басыңыз.
Хабарлар (желі қызметі) қолданбасында мәтінді
хабарларды, мультимедиалық хабарларды, аудио
хабарларды және электрондық пошта хабарларын
жіберуге және алуға болады. Бұған қоса, веб қызмет
хабарларын, ұялы тарату хабарларын, сондай-ақ
деректері бар арнайы хабарларды қабылдауға және
қызметтік пәрмендерді жіберуге болады.
Хабарларды жібермес немесе қабылдамас бұрын,
төмендегілерді орындау қажет болуы мүмкін.
• Құрылғыға жарамды SIM картасын салып, ұялы
желінің қызмет көрсету аясында болыңыз.
• Желінің сіз қолданатын хабар алмасу
мүмкіндіктерін қолдайтынын және олардың SIM
картаңызда қосылғанын тексеріңіз.
• Интернеттің кіру нүктесінің параметрлерін
құрылғыда белгілеңіз.
• Құрылғыда электрондық пошта есептік
жазбасының параметрлерін белгілеңіз.
• Құрылғыда мәтінді хабар параметрлерін
белгілеңіз.
• Құрылғыда мультимедиа хабарының
параметрлерін белгілеңіз.
Құрылғы SIM картасының провайдерін анықтап,
хабардың кейбір параметрлерін автоматты реттеуі
мүмкін. Әйтпесе, параметрлерді қолмен белгілеуіңіз
керек болады, сондай-ақ қызмет провайдеріне
хабарласып параметрлерді реттеуге де болады.
Хабар алмасу
қалталары
Меню
>
Сообщ.
таңдаңыз.
Bluetooth байланысы арқылы қабылданған хабарлар
және деректер Кіріс папкасында сақталады.
Электрондық пошта хабарлары Пошта жәшігі
папкасында сақталады. Жазып жатқан хабарлар
Жоба жазбалар папкасында сақталады. Жіберілуін
күтудегі хабарлар Шығыс папкасында сақталады, ал
жіберілген хабарлар, Bluetooth хабарларын
қоспағанда, Жіберілгендер папкасында сақталады.
Кеңес: Хабарлар Шығыс папкасына
орналастырылады, мысалы, құрылғы желі
аясынан тыс болғанда.
43
Хабар
алм
асу
Ескерім: Пиктограмма немесе мәтін арқылы
берілген хабардың белгіленген уақыты экранда
көрсетілмейді.
Желіден сіз жіберген мәтіндік хабарларды және
мультимедиа хабарларды жеткізу туралы есепті
жіберуін сұрау (желі қызметі) үшін
Функции
>
Параметры
>
Сообщение SMS
>
Отчет о приеме
немесе
Сообщение MMS
>
Прием отчетов
тармағына өтіңіз. Есептер Есептер қалтасында
сақталады.