Ескі құрылғыдан мазмұнды
көшіру
Перенос қолданбасын пайдаланып алдыңғы
сыйысымды Nokia құрылғысынан жаңа құрылғыға
телефон нөмірлері, мекенжайлар, күнтізбе
элементтері және суреттер сияқты мазмұнды
көшіруге болады.
Мазмұнды бірінші
рет көшіру
1. Басқа құрылғыдан
деректерді бірінші
рет шығарып алу
үшін құрылғыда
Меню
>
Панель
упр.
>
Перенос
пәрменін таңдаңыз.
2. Екі құрылғыны
жұптастырыңыз.
Құрылғыңызбен
Bluetooth
байланысы бар
құрылғыларды іздеу
үшін
Продолж.
пәрменін таңдаңыз.
Мазмұнды тасымалдау керек құрылғыны
таңдаңыз. Құрылғыда кодты енгізу сұралады.
Кодты (1-16 сан) енгізіңіз де,
OK
пәрменін
таңдаңыз. Басқа құрылғыда дәл сол кодты енгізіңіз
де,
OK
пәрменін таңдаңыз. Құрылғылар енді
жұптастырылды.
Егер ескі Nokia құрылғыңызда Перенос
қолданбасы болмаса, жаңа құрылғы оны хабар
арқылы жібереді. Ескі құрылғыдан хабарды ашып,
дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.
3. Құрылғыда басқа құрылғыдан тасымалдау керек
мазмұнды таңдаңыз.
Тасымалдау басталғанда, одан бас тартып,
кейінірек жалғастыруға болады.
Мазмұн басқа құрылғының жадынан құрылғыдағы
сәйкес орынға тасымалданады. Тасымалдау уақыты
тасымалданатын деректер мөлшеріне байланысты.
Тасымалдауға болатын мазмұн түрі мазмұнды
тасымалдау керек құрылғының моделіне
байланысты. Егер бұл құрылғы қадамдастыруды
қолдаса, сонымен бірге, құрылғыларды арасында
деректерді қадамдастыруға болады. Екінші құрылғы
сыйысымсыз болса, құрылғы сізге хабарландырады.