Nokia Ovi Suite
Nokia Ovi Suite – сыйысымды компьютерге орнатуға
болатын сыйысымды қолданбалардың жиыны. Ovi
Suite барлық қол жетімді қолданбаларды іске қосу
терезесінде топтастырады. Онда қолданбаларды
аша аласыз. Құрылғыда жад картасы болса, Ovi Suite
жад картасында болуы мүмкін.
Ovi Suite жинағын құрылғы мен сыйысымды
компьютер қолданбасының арасында контактілерді,
күнтізбені және істер мен басқа жазбаларды
қадамдастыру үшін пайдалануға болады. Сондай-ақ,
Ovi Suite жинағын құрылғы мен сыйысымды
шолғыштар арасында бетбелгілерді тасымалдау
және құрылғы мен сыйысымды компьютер арасында
суреттер мен бейнеклиптерді тасымалдау үшін
пайдалануға болады.
Қадамдастыру параметрлеріне назар аударыңыз.
Қалыпты қадамдастыру үрдісінің бөлігі ретінде
деректерді жою таңдалған параметрлермен
анықталады.
Ovi Suite жинағын пайдалану үшін Microsoft Windows
XP (SP2 немесе жаңарақ) немесе Windows Vista (SP1
немесе жаңарақ) амалдық жүйесі істейтін және USB
деректер кабелімен немесе Bluetooth байланысымен
сыйысымды компьютер керек.
Ovi Suite жинағы Apple Macintosh компьютерлерімен
сыйысымды емес.
22
Пайдалануды бастау
Ovi Suite жинағы туралы қосымша ақпарат алу үшін
бекітілген анықтаманы қараңыз немесе
www.nokia.com/support мекенжайына өтіңіз.
Ovi Suite жинағын орнату
1. Nokia E72 ішіне жад картасын салыңыз.
2. USB кабелін қосыңыз. Компьютер жаңа құрылғыны
таниды да, қажет драйверлерді орнатады. Мұны
орындауға бірнеше минут кетуі мүмкін.
3. Құрылғыдағы USB қосылым режимі ретінде
Накопитель
опциясын таңдаңыз. Құрылғыңыз
Windows файл шолғышында алынбалы диск
ретінде көрсетіледі.
4. Windows файл шолғышының көмегімен жад
картасының түбірін ашыңыз да, Ovi Suite орнату
файлын таңдаңыз.
5. Орнату басталды. Нұсқауларды орындаңыз.
Кеңес: Ovi Suite жинағын жаңарту үшін немесе
Ovi Suite жинағын жад картасынан орнатуда
мәселелер болса, орнату файлын компьютерге
көшіріңіз де, компьютерге орнатыңыз.