Nokia E72 - Пернетақтамен мәтін жазу

background image

Пернетақтамен мәтін жазу

Құрылғыда толық пернетақта бар.
Түрлі таңба регистрлері арасында ауысу — Үлкен

және кіші әріп режимдері арасында ауысу үшін, shift

пернесін екі рет басыңыз. Кіші әріп режимінде бір

үлкен әріпті енгізу үшін немесе керісінше, shift

пернесін бір рет басып, қажетті әріп пернесін

басыңыз.
Перненің үстіне басылған санды немесе арнайы

таңбаны кірістіру — Функция пернесін басыңыз, одан

кейін тиісті әріп пернесін басыңыз, не болмаса тек әріп

пернесін басып тұрыңыз. Жолда бірнеше арнайы

таңба енгізу үшін, функция пернесін екі рет жылдам

басып, қажетті әріп пернелерін басыңыз. Қалыпты

режимге оралу үшін, функция пернесін бір рет

басыңыз.
Пернетақтада жоқ арнайы таңбаны кірістіру — Sym

пернесін басып, опциясын және таңбаны

таңдаңыз.

Пернетақтада жоқ әріпті кірістіру — Әріптер

нұсқаларын кірістіруге болады, мысалы, екпін

белгілері бар әріптер. Мысалы, á әрпін кірістіру үшін,

sym пернесін басып тұрыңыз да, бір уақытта A

пернесін қажетті таңба көрсетілгенше қайталап

басыңыз. Әріптер реті мен қол жетімділігі таңдалған

жазу тіліне байланысты болады.
Көңіл-күй таңбасын кірістіру — Sym пернесін басып,

көңіл-күй таңбасын таңдаңыз. Көңіл-күй таңбалары

мәтіндік және мультимедиалық хабарларда ғана қол

жетімді болады.

Кеңес: Соңғы пайдаланылған арнайы таңбаны

қосу үшін, ctrl пернесін басып тұрғанда, sym

пернесін басыңыз және қалқымалы мәзірден

таңбаны таңдаңыз.

Мәтінді көшіру және қою

1. Shift пернесін басып тұрып, көшірілетін мәтінді

бөлектеу үшін айналдырыңыз.

2. ctrl + C пернелер тіркесімін басыңыз.
3. Мәтін қойылатын жерге өтіп, ctrl + V пернелер

тіркесімін басыңыз.

Жазу тілін өзгерту немесе болжалды мәтін енгізу

режимін іске қосу —

Функции

>

Функции ввода

белгішесін басыңыз.

20

Пайдалануды бастау