Маршрут бойынша қозғалу
Меню
>
Приложен.
>
Данные GPS
және
Навигация
тармақтарын таңдаңыз.
Маршрут бойынша қозғалуды сыртта бастаңыз. Іштен
бастасаңыз, GPS қабылдағышы жерсеріктерінен
қажетті ақпаратты ала алмайды.
Маршрут бойынша қозғалу құрылғы дисплейіндегі
айналатын компасты пайдаланады. Қызыл шар
мақсатты орынға қарай бағытты көрсетеді, ал оған
дейінгі шамамен алынған қашықтық компас
сақинасының ішінде көрсетіледі.
Маршрут бойынша қозғалу мақсатты орынға дейінгі
тік сызықпен өлшенетін ең түзу маршрутты және ең
қысқа қашықтықты көрсететіндей жасалған.
Маршруттағы ғимараттар және табиғи кедергілер
сияқты кез келген кедергілер еленбейді. Қашықтықты
есептегенде биіктіктегі айырмашылықтар есепке
алынбайды. Маршрут бойынша қозғалу тек
қозғалғанда белсенді.
Сапардың мақсатты орнын орнату үшін
Функции
>
Уст. пункт назнач.
тармағына өтіңіз және мақсатты
орын ретінде бағдарды таңдаңыз немесе бойлық
және ендік координаттарын енгізіңіз.
Сапардың мақсатты орнын тазалау үшін
Остановить
пәрменін таңдаңыз.