Таңдаулыларды
қадамдастыру
Ovi Maps веб-торабында компьютеріңізге сапарды
жоспарлаңыз, мобильді құрылғының көмегімен
сақталған жерлерді және бағдарларды
қадамдастырыңыз және жоспарыңызды жүзеге
асырыңыз.
Мобильді құрылғы мен Ovi Maps интернет қызметі
арасынан жерлер мен бағдарларды қадамдастыру
үшін Nokia есептік жазбасына кіруіңіз керек.
Сақталған жерлер мен бағдарларды
қадамдастыру —
Избранное
>
Синхронизация с Ovi
таңдаңыз. Егер Nokia есептік жазбаңыз жоқ болса,
біреуін жасауды ұсынамыз.
Таңдаулыларды автоматты түрде қадамдастыру үшін
құрылғыны орнатыңыз —
Функции
>
Настройки
>
Синхронизация
>
Изменить
>
При запуске и выходе
таңдаңыз. Карталар бағдарламасын ашқан кезде
немесе жапқан кезде, құрылғы қадамдастыруды
бастайды.
Қадамдастыру белсенді интернет байланысын талап
етіп, қызмет провайдерінің желісі арқылы үлкен
көлемді деректің тасымалдануын қажет етуі мүмкін.
Деректер тасымалының ақысы туралы ақпаратты
провайдерден сұрап біліңіз.
Ovi Maps интернет қызметін пайдалану үшін,
www.ovi.com сайтына өтіңіз.