Компасты пайдалану
Құрылғыңызды компас бар болып, ол іске қосылғанда,
компастың екі көрсеткісі мен карта құрылғының
жоғарысы көрсететін бағытқа автоматты түрде
бұрылады.
Меню
>
Карты
және
Мое положение
тармағын
таңдаңыз.
Компасты іске қосу — 5 пернесін басыңыз.
Компасты ажырату — 5 пернесін қайта басыңыз.
Карта солтүстікке бағытталады.
Компас істеп тұрғанда, жасыл контур шығады.
Компасты мөлшерлеу қажет болса, оның контурының
түсі қызыл немесе сары болады.
Компасты мөлшерлеу — Компастың контуры жасыл
түске боялғанша, құрылғыны барлық жолмен
тоқтаусыз айналдырыңыз.
Компастың дәлдігі шектеулі. Сондай-ақ,
электромагнитті өрістер, металл заттар немесе басқа
сыртқы жағдайлар компастың дәлдігіне әсер етуі
мүмкін. Компас әрқашан дұрыс тексерілуі керек.
Орналасқан жерді анықтау
әдістері туралы ақпарат
Карталар GPS, A-GPS, WLAN немесе ұя
идентификаторы негізіндегі орналасқан жерді
анықтау әдістерін пайдаланып, орныңызды көрсетеді.
Орналасқан жерді анықтаудың дүниежүзілік жүйесі
(GPS) – орныңызды есептеу үшін пайдаланылатын
спутниктік навигация жүйесі. Assisted GPS (A-GPS) -
GPS деректерін орналасқан жердің жылдамдығын
және дәлдігін жақсартып жіберетін желі қызметі.
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) орналасқан жерді
анықтау мүмкіндігі GPS сигналдары болмаған кезде