Nokia E72 - Карталарды шолу

background image

Карталарды шолу

Меню

>

Карты

опциясын таңдаңыз.

Карталар қолданбасына қош келдіңіз!
Карталар айналадағы орындарды көрсетіп, бағдарды

жоспарлауға көмектеседі және баратын жерге

апаратын жолды көрсетеді.
• Қалаларды, көшелерді және қызметтерді тауып

алыңыз.

• Әр қадамды көрсететін бағыттар көмегімен қажетті

жолды табыңыз.

• Таңдаулы орындар мен бағдарларды ұялы

телефон мен Ovi карталар интернет қызметі

арасында қадамдастырыңыз.

• Бар болса, ауа райы болжауларын және басқа

жергілікті ақпаратты қараңыз.

Ескерім: Карталар, жерсеріктен суреттер,

дауысты файлдар, нұсқаулар немесе жол қозғалысы

туралы ақпарат сияқты мазмұнды жүктеу үлкен

көлемде берілетін деректерді қамтуы мүмкін (желі

қызметі).
Кейбір қызметтер барлық елдерде істей бермеуі және

тек таңдаулы тілдерде болуы мүмкін. Қызметтер

желіге тәуелді болуы мүмкін. Қосымша ақпаратты

желілік қызмет провайдерінен алыңыз.
Барлық дерлік сандық картография деректері кейбір

жерлерде ақаулы және толық емес болады. Ешқашан

осы құрылғыны пайдалану үшін жүктеп алған

картография деректеріне өзіне ғана сеніп қалмаңыз.

Жерсеріктен суреттер, нұсқаулар, ауа райы және жол

қозғалысы туралы ақпарат сияқты мазмұнды және

осыған қатысты қызметтерді Nokia корпорациясынан

тәуелсіз үшінші тараптар жасайды. Бұл мазмұнның

біразы дәл және толық болмауы мүмкін және бар

болуына байланысты. Ешқашан тек жоғарыда

аталған мазмұнға және оларға қатысты қызметтерге

сенім білдірмеңіз.