Nokia E72 - Үй желісі туралы

background image

Үй желісі туралы

Бұл құрылғы UPnP желі протоколдарының жинағымен

үйлесімді болып табылады және DLNA ұйымымен

сертификатталған.. Үй желісін жасау үшін WLAN кіру

нүктесі құрылғысын немесе маршрутизаторды

пайдалануға болады. Содан соң, үйлесімді WLAN

желісісі қосылған UPnP құрылғыларын желіге

жалғауға болады. Үйлесімді құрылғы ұялы

телефоныңыз, үйлесімді компьютер, дыбыс жүйесі,

теледидар немесе дыбыс жүйесіне не теледидарға

жалғанған үйлесімді сымсыз мультимедиа ресивері

болуы мүмкін.
Ұялы құрылғыңыздағы мультимедиа файлдарын

басқа үйлесімді UPnP және DLNA куәліктері бар

құрылғылармен үй желісі арқылы бөлісуге және

қадамдастыруға болады. Үй желісінің қызметін іске

қосу және параметрлерді басқару үшін

Меню

>

Приложен.

>

Дом. медиа

тармағын таңдаңыз.

Құрылғыңыздағы үй желісі құрылғыларынан немесе

компьютер, дыбыс жүйесі не теледидар сияқты басқа

да үйлесімді құрылғылардан мультимедиа

файлдарын көру және ойнату үшін үй мультимедиа

сервері қолданбасын да пайдалануға болады.
Мысалы, Фотосуреттер қалтасындағы мультимедиа

файлдарын үй желісіндегі басқа құрылғыдан көру

үшін файлды,

Функции

>

Показ. через дом. сеть

тармағын және құрылғыны таңдаңыз.
Үй желісінде құрылғыңыздың WLAN қызметін

пайдалану үшін жұмыс істейтін WLAN үй желісіне

байланыс және дәл сол үй желісіне жалғанған UPnP

мүмкіндігі қосулы басқа үй құрылғылары керек.
Үй желісін орнатқаннан кейін, фотосуреттер мен

бейне клиптерді достарыңызбен және отбасыңызбен

үйде бөлісуге болады. Сондай-ақ, мультимедиа

файлдарын мультимедиа серверіне сақтауға немесе

оларды үйлесімді үй желісінен шығарып алуға

болады. Құрылғының ішіне сақтаулы музыканы DLNA

куәлігі бар үйдегі стерео жүйесі арқылы ойнатуға және

ойнату тізімдері мен дыбыс деңгейлерін тікелей

құрылғы арқылы басқаруға болады. Және де құрылғы

камерасымен түсірілген суреттерді WLAN желісі

арқылы толықтай құрылғы арқылы басқарып

теледидар экранынан көруге болады.
Үй желісі WLAN байланысының қауіпсіздік

параметрлерін пайдаланады. WLAN

инфрақұрылымдық желісінде үй желісі мүмкіндігін

WLAN кіру нүктесі құрылғысымен және шифрлау

мүмкіндігін қосып пайдаланыңыз.

67

Байланысу мүмкіндігі

background image

Құрылғыңыз үй желісіне тек басқа құрылғыдан қосылу

сұранысын қабылдағанда не құрылғыңыздағы

мультимедиа файлдарын көру, ойнату не көшіру

опциясын таңдағанда немесе басқа құрылғыларды

іздегенде қосылады.