WLAN қосылымдары
Сымсыз LAN (WLAN) қосылымын пайдалану үшін
WLAN үшін Интернет қол жеткізу нүктесін (IAP) жасау
керек. Интернетке қосылу қажет бағдарламалар үшін
қол жеткізу нүктесін пайдаланыңыз.
WLAN Интернетке қол жеткізу нүктесі арқылы
деректер қосылымын жасаған кезде WLAN қосылымы
орнатылады. Деректер қосылымы аяқталған кезде
белсенді WLAN қосылымы тоқтатылады.
WLAN қосылымын дауысты қоңырау немесе пакеттік
деректер белсенді болған кезде пайдалануға болады.
Бір уақытта тек WLAN қол жеткізу нүктесіне қосылуға
болады, бірақ бірнеше бағдарлама бірдей Интернетке
қол жеткізу нүктесін пайдалана алады.
Құрылғы дербес профайлында болған кезде WLAN
(қол жетімді болса) пайдалана беруге болады. WLAN
қосылымын орнатып, пайдаланған кезде
қолданылатын қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз.
Кеңес: Құрылғыны анықтайтын бірегей MAC
мекенжайын тексеру үшін бастапқы экранда
*#62209526# санын енгізіңіз.