Nokia E72 - WLAN туралы ақпарат

background image

WLAN туралы ақпарат

Құрылғы жергілікті сымсыз есептеу желісін (WLAN)

анықтауы және оған қосылуы мүмкін. WLAN желісін

пайдаланып құрылғыны Интернетке және WLAN

желісін қолдайтын үйлесімді құрылғыларға жалғауға

болады.

WLAN байланысын пайдалану үшін, төменгі

жағдайларды қамтамасыз ету керек:
• WLAN байланысы аймағыңызда болуы керек;
• құрылғыңыз WLAN желісіне қосылған болуы керек.

Кейбір WLAN желілері қорғалады, сондықтан

оларға жалғану үшін қызмет провайдерінен кіру

кілтін алу керек.

• WLAN байланысы үшін жасалған Интернетке кіру

нүктесі. Интернетке қосылуды қажет ететін

қолданбалар үшін кіру нүктесін пайдаланыңыз.

WLAN Интернетке кіру нүктесі арқылы деректік

байланыс орнатылғанда WLAN байланысы да

орнатылады. Деректік байланыс ажыратылғанда

істеп тұрған WLAN байланысы да ажыратылады.
WLAN байланысын дауыс қоңырауы немесе пакеттік

деректер істеп тұрғанда пайдалануға болады. Тек

бір WLAN кіру нүктесіне жалғануға болады, бірақ

бірнеше қолданба бір кіру нүктесін пайдалана алады.
WLAN байланысын қолданатын мүмкіндіктер немесе

басқа мүмкіндіктерді пайдалану кезінде артқы фонда

істеп тұруы рұқсат етілген мүмкіндіктер батарея

қуатын көбірек пайдаланады әрі батареяның жұмыс

мерзімін қысқартады.
Құрылғыңыз төмендегі WLAN мүмкіндіктерін

қолдайды:
• IEEE 802.11b/g стандарты;
• 2,4 ГГц жиілігінде істеу;
• WEP, WPA/WPA2 және 802.1x идентификация

әдістері. Бұл функцияларды желі қолдағанда ғана

пайдалануға болады.

59

Байланысу мүмкіндігі

background image

Маңызды: Сымсыз LAN байланысының

қауіпсіздігін арттыру үшін шифрлау тәсілін пайдалану

әрқашан да мүмкін. Шифрлауды қолдану

деректеріңізге рұқсатсыз қатынас құру қаупін

төмендетеді.
Құрылғы желіден тыс профилінде болғанда, мүмкін

болса, WLAN байланысын сонда да пайдалануға

болады. WLAN байланысын орнатқанда және

пайдаланғанда, тиісті қауіпсіздік талаптарын

қадағалауды ұмытпаңыз.

Кеңес: Құрылғыңызды анықтайтын бірегей MAC

(деректер ортасының қолданысын басқару)

мекенжайын тексеру үшін, басты экранда

*#62209526# дегенді теріңіз.

Ескерім: Сымсыз жергілікті желілер кейбір

елдерде шектеулі түрде қолданылуы мүмкін. Мысалы,

Францияда сымсыз жергілікті желілерді тек

ғимараттар ішінде ғана пайдалануға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті мекемелермен

хабарласыңыз.