Қатынас кодтары
PIN немесе
PIN2 коды
(4-8 сан)
Бұл SIM картасын рұқсатсыз
пайдаланудан қорғайды немесе кейбір
мүмкіндіктерді пайдалану үшін талап
етіледі.
Қосқан кезде құрылғыда PIN кодын
сұрауды орнатуға болады.
Егер кодтар SIM картасымен бірге
берілмесе немесе оны ұмытып
қалсаңыз, қызмет провайдеріне
хабарласыңыз.
Егер кодты үш рет қатар қате
енгізсеңіз, кодтың құлпын PUK немесе
PUK2 коды арқылы ашу керек болады.
PUK немесе
PUK2 коды
(8 сан)
Бұлар PIN немесе PIN2 кодының
құлпын ашу үшін қажет.
SIM картасымен берілмеген болса,
қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
IMEI нөмірі
(15 сан)
Бұл желідегі жарамды құрылғыларды
анықтау үшін қолданылады. Санды,
мысалы ұрланған құрылғыларды
құлыптау үшін пайдалануға болады.
IMEI нөміріңізді көру үшін, *#06#
нөміріне қоңырау соғыңыз.
Құлыптау
коды
(қауіпсіздік
коды)
Бұл құрылғыны рұқсатсыз
пайдаланудан қорғауға көмектеседі.
Құрылғыны өзіңіз орнатқан құлыптау
кодын сұрауға орнатуға болады.
(ең азы 4
сан немесе
таңба)
Кодыңызды құпия, құрылғыңыздан
бөлек жерде ұстаңыз.
Кодты ұмытып, құрылғыңыз
құлыптанса, құрылғыға қызмет көрсету
қажет болады. Сізден қосымша ақы
алынуы және бүкіл жеке деректеріңіз
құрылғыңыздан жойылуы мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін Nokia Care
қызметіне немесе құрылғының
сатушысына хабарласыңыз.