Бос жад
Әр түрлі деректер түрлері үшін қанша жад қол жетімді
екенін қарау үшін
Меню
>
Офис
>
Дисп.файл.
пәрменін таңдаңыз.
Құрылғының көп мүмкіндіктері деректерді сақтау үшін
жадты пайдаланады. Қол жетімді жад төмен болса,
құрылғы сізге хабарландырады.
Жадты босату үшін деректерді баламалы жадқа (бар
болса) немесе сыйысымды компьютерге
тасымалдаңыз.
Қажет емес деректерді жою үшін Файлдар
диспетчерін немесе сәйкес қолданбаны
пайдаланыңыз. Мыналарды жоюға болады:
• Хабарлар ішіндегі папкалардағы хабарлар және
пошта жәшігінен алынған электрондық пошта
хабарлары
• Сақталған веб-беттер
• Контакт туралы ақпарат
• Күнтізбе жазбалары
14
Анықтама іздеу
• Қажет емес қолданбалар Қолданбалар
реттеушісінде көрсетіледі
• Орнатылған қолданбалардың орнату файлдары
(.sis немесе .sisx файл кеңейтімдері бар). Орнату
файлдарының сақтық көшірмелерін үйлесімді
компьютерге жасаңыз.
• Фотосуреттер папкасындағы суреттер және
бейнеклиптер.